Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай жер сілкінді
10:00, 02 Қаңтар 2014
АСТАНА. 2 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеше Алматы уақыты бойынша кешкі 22:47-де жер сілкінісі тіркелді.
Жер дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1040 шақырым жерде Ресейдің аумағында орналасқан.
Зілзаланың қуат күші - 9.6. Магнитудасы - MPV 4.3. Тереңдігі - 5 км.
Жер сілкінісінің сезілгені жайлы ешқандай ақпарат түскен жоқ.