Алматыдан Талдықорғандағы үйіне қайтпақ болған ер адам жоғалып кетті
18:54, 20 Шілде 2022
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматыдан Талдықорғандағы үйіне қайтпақ болған ер адам жоғалып кетті. Ол екі аптадан бері байланысқа шықпаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Есімбек Түркістанұлы шілденің 7-сі күні Алматы облысының Қарасай ауданындағы Райымбек ауылынан шығып, Алматыдағы «Сайран» бекетінен автобусқа отырып, Талдықорғандағы үйіне барамын деп кеткен. Бірақ, міне тура екі апта болды, Есімбектен бірде-бір хабар жоқ. Іздеу жұмыстары баяу жүріп жатыр», - деді жоғалған азаматтың туысы Еркін Бейсекей.
Жоғалып кеткен ер кісі - Есімбек Түркістанұлы 1972 жылы 19 қаңтарда туған. 50 жастағы азамат жайында қандай да бір ақпараттан хабары бар жандар мынау байланыс телефондарына хабарлауына болады: 8 7029586638, 8 7054557535.