«Air Astana» әуе компаниясының мәліметінше, Ташкентке ұшқан ұшақ дабыл қаққыш жүйесінің іске қосылуына байланысты Алматы әуежайына қайтып келген.
«Алматы-Ташкент бағытында қатынайтын KС 129 ұшағы 8 наурызда түнгі сағат 23:05-те жарты сағат кешігумен ұшып, 00:46-да әуежайға қайта оралды. Қайта оралуға батарея қуаттағышының дұрыс жұмыс істемеуі туралы дабылдың іске қосылуы себеп болған. Рейс басқа әуе кемесімен орындалды, ол 03:05-те ұшып шығып, діттеген жерге 03:45-те қонды. Барлық жерде жергілікті уақыт көрсетілген», - деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Дәл осындай жағдай былтыр желтоқсан айында да болған.
Алматыдан Қостанайға бағыт алған FlyArystan ұшағының техникалық ақауға байланысты әуежайға қайта оралуына тура келген еді.