Алматыдан Тбилисиге бет алған ұшақ найзағайға байланысты Бакуге қонуға мәжбүр болды

БАКУ. ҚазАқпарат - Алматыдан Тбилисиге ұшып бара жатқан Air Astana ұшағының капитаны қатты найзағайдың салдарынан Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайға қонуды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Әзертадж агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: azertag.az

Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайдың баспасөз қызметінен хабарлағандай, Airbus A321 ұшағы жергілікті уақыт бойынша сағат 21:22-де Баку әуежайына аман-есен қонған.