«АлматыЭнергоСбыт» компаниясының дәстүрлі «ашық есік күндері» басталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ашылу рәсіміне Алматы қаласы әкімдігі мен «Нұр Отан» партиясы өкілдері, тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдардың лидерлері және ПИК төрағалары, сондай-ақ энергетика және қуатты үнемдеу саласындағы сарапшылар қатысты. Жыл сайынғы дәстүрлі «ашық есік күндерін» өткізудің мақсаты «АлматыЭнергоСбыт» компаниясы қызметінің түрлі мәселелері жайлы тұтынушыларға ақпарат беру мен қуат үнемдеуді насихаттауды көздейді.
«Қуатты үнемдеуші технологиялар туралы айтып, оларды насихаттай отырып, біз тек еліміздің ертеңгі экологиясын ойлаймыз. Сонымен қатар, тұтынушылардың қаржысын үнемдеуге де тырысамыз», деді «АлматыЭнергоСбыт» компаниясының бас директоры Михаил Гамбургер.
Шара барысында қатысушылар «АлматыЭнергоСбыт» компаниясының басшыларымен, қуатты үнемдеу саласындағы сарапшылармен және тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен жеке сұхбаттаса алатын болады. Сонымен бірге, заман талабына сай қуатты үнемдеу технологиялары таныстырылып, осы жылы тұтынушыларға арнайы «консультациялық сағаттар» ұйымдастырылатын болады.
«Енгізілген жаңалықтарға байланысты тұрғындарда коммуналдық қызметтер, электр қуаты үшін төлем жайлы көптеген сұрақтар туындауда. «АлматыЭнергоСбыт» компаниясының ұйымдастырған осындай іс-шаралары халыққа білікті де кең көлемді жауаптар алуға мүмкіндік береді. «АлматыЭнергоСбыт» өзінің халыққа көрсететін қызметін жақсарту үшін іс-шара өткізіп, бірлесіп қалай жақсарту керектігіне тырысуы бізді қуантады» - дейді Алматы қаласы мәслихатының депутаты және Қазақстан тұтынушылары Ұлттық лигасының президенті Светлана Романовская.
Шараның ашылу рәсімінде қуатты үнемдеуші технологиялардың «Қуат үнемдеу 2010» көрмесі болды. Оны Республикамызда қуатты үнемдеу тұжырымдамасын ендірумен айналысатын компаниялар ұсынды.