Аталмыш байқауды Алматы қаласы әкімдігімен бірлесе ұйымдастырған компания 1 қыркүйекте жариялаған болатын. Ондағы мақсат тұтынушылардың назарын қуат үнемдеудің маңыздылығына аудару және қуат тұтынудың жаңа мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасауға бағытталған.
Байқау жеңімпаздарын марапаттауға қатысқан «АлматыЭнергоСбыт» компаниясының Бас директоры Михаил Гамбургер келіп түскен жұмыстардың жоғары деңгейлілігін атап өтті. «1 қыркүйек пен 31 қазан аралығында байқауға 400 жұмыс келіп түсті. Байқау қорытындыларын қала әкімдігі мен компания өкілдері және БАҚ пен жарнама саласының мамандары бірлесіп, жеңімпаздарды анықтады», деді ол.
Жалпы байқау 3 санат бойынша сарапталды. Оның біріншісі - оқушылар санаты бойынша Алматы қалалық №98 мектеп оқушысы Дархан Теңебаев жеңімпаз атанды. Тұтынушылар санаты бойынша «Балалар» жұмысымен Алина Хамидуллина, ал кәсібилер санатында Евгений Петровтың «Ойлан!» атты шығармасы үздік деп танылды. Барлық жеңімпаздар арнайы және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен бірге, шараның демеушісі «Казкоммерцбанк» 10 қатысушыға байқау жұмыстары бейнеленген кәртішкелерін табыс етті.