«Алматы қаласының департаменті «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің іс-әрекеттеріне жүргізген аудит қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабы 7-тармағына сәйкес нарықтағы үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану жағдайында бәсекелестікті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактілерін анықтады», - деп жазылған хабарламада.
Аталған фактіге байланысты әкімшілік іс қозғалып, 29 304 424 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл толығымен өтелді.