Ашық есіктер күнін өткізудің негізгі мақсаты - тұтынушыларға «АлматыЭнергоСбыт» компаниясының қызметі жайлы ақпарат беру, сондай-ақ тұрғындар арасында энергия үнемдеу идеясын кеңінен танымал ету, энергия тұтыну мәдениетін арттыру.
«АлматыЭнергоСбыт» ЖШС-нің бас директоры Михаил Гамбургер жыл сайын өтіп тұратын мұндай акцияның компания үшін жақсы дәстүрге айналғандығын айтады. «Биылғы шара компанияның 5-жылдығына орай өтуде. Бүгінгі таңда АлматыЭнергоСбыт - энергиямен жабдықтау нарығында алдыңғы қатардағылардың бірі, бірақ біз қол жеткен жетістіктерімізде тұрып қалмай, тұтынушылармен Ашық есіктер күндері сияқты іс-шаралар арқылы өзара қарым-қатынас орнатып, қызу араласып, олардың пікірлерін ескере отырып, қарқынды дамудамыз»,-дейді ол.
Ашық есіктер күнін өткізу барысында Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары энергиямен жабдықтаушы компаниялармен өзара әрекеттерге қатысты сұрақтарға, «АлматыЭнергоСбыт» мамандарының кеңестері, коммуналдық шығындарды 30 пайызға азайту жайлы ұсыныстар, үйден шықпастан электр энергиясы үшін төлемдер жайлы толық ақпарат алуға қол жеткізе алады.
Жиын барысында «Номад» сән театрының балалары өз қолдарымен жасалған экологиялық киім үлгілерінің ерекше қойылымын көрсетті.