Алматыға бет алған «Эйр Астана» ұшағы Баку əуежайына қайта оралды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыға ұшып шыққан "Эйр Астана" ұшағы Баку əуежайына қайта оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Эйр Астана" компаниясының өкілі Тілек Абдрахимовтың айтуынша, КС112  рейсінің ұшағы техникалық ақаулардың себебінен Баку əуежайына қайта қонған.

Қазір отандық тасымалдаушы жолаушыларды Алматыға жеткізу үшін қосымша ұшақ жіберді. Рейс кешкі 21:30-да ұшып шығады.