Алматыға Фидель Кастроның ұлы бастаған кубалық делегация келді (ФОТО)

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыға Куба Республикасы Мемлекеттік кеңесі төрағасы мен Министрлер кеңесінің ғылыми мәселелер бойынша кеңесшісі Фидель Кастро Диас-Баларт бастаған делегация келді.

Ең алдымен қубалық меймандар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне ат басын тіреді. ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтановпен болған кездесуде тараптар ғылым саласында екі елдің жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық орнату мәселесін талқылады.

Куба делегациясының Қазақстанға келудегі басты мақсаты - Қазақстан мен Куба арасында ғылым мен жоғары технологиялар салаларында ынтымақтастық орнату. Осыған байланысты. Ф. Кастро ҚазҰУ-дың ғылыми-зерттеу институттары мен зертханаларын аралап, отандық ғылымның жетістіктерімен танысты.

Айта кетелік, Фидель Кастро Диас-Баларт 1949 жылы Гавана қаласында туған. Кубаның атақты революционері, мемлекет және қоғам қайраткері, Кубаны 1961 жылдан 2011 жылға дейін 50 жыл басқарып келген Фидель Кастро Рустың ұлы. Кіші Фидель Кастро М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Ядролық физика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары Экономикалық өзара көмек Кеңесі жанында Куба делегациясын басқарған. 2004 жылдан Куба Мемлекеттік кеңесінің ғылым бойынша кеңесшісі қызметін атқарып келеді. Ядролық физика және энергетика технологиясы саласында 150-ден астам ғылыми мақалалар мен 11 кітап жазған ғалым.

Айта кетелік, делегация құрамында Ф. Кастроның зайыбы Мария Барреиро Давалос та болды.