«Ертең түскі сағат 13-14-тің арасында ҚР ТЖМ-і ұйымдастырған арнайы чартерлік рейспен Алматы әуежайына Ауғанстаннан Қазақстанның ЖОО-ларында білім алуға келе жатқан ауған студенттерінің бірінші тобы келеді деп жоспарлануда», деді ресми өкіл.
Оның атап өтуінше, бұл студенттер 2009 жылы қараша айында қол қойылған Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы еліміздің жоғары оқу орындарында азаматтық кәсіпке ауғандық 1000 маманды дайындау туралы үкіметаралық келісімге сәйкес келмек.
«Осы іс-шара Қазақстанның Ауғанстанды бейбіт өміріне қайтаруға және экономикалық, әлеуметтк қайта құрылуына қосқан нақты үлесі болып табылады», деп түйіндеді сөзін А.Әбдірахманов.