«27 наурызда Алматы қаласына 266 мың тест алып келеді. Олар кедендік және валидация процедурасынан өткізіледі. Болжаммен 29 наурызда олар ең алдымен дәрігерлердің қолына тиеді. Бұлардың барлығы тегін тестілер», - деді министр.
Оның атап өтуінше, осы уақытқа дейін елімізде коронавирус инфекциясын анықтауға арналған 15 мыңнан астам тест жасалды. Қазіргі уақытта күніне мынан астам тест жасалып жатыр. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.
«Кеше Бас санитарлық дәрігердің қаулысы шықты. Оған сәйкес қалаға келушілердің барлығына тест жүргізілетін болады», - деді Дәурен Абаев.