Алматыға мамыр айының соңына дейін жер сілкінісі қаупі төніп тұрған жоқ

АЛМАТЫ. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат /Серік Қойбағаров/ - Алматыда белгісіз біреулер үлкен зілзаланың болатындығы туралы өсек-аяң таратып жүр. Осыған байланысты бүгін барлық мүдделі қызметтердің қатысуымен арнаулы баспасөз мәслихаты шақырылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сейсмология институтының Болжам жасау комиссиясының, Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы мен Төтенше жағдайлар министрлігінің «Болжам жасау» ғылыми-өндірістік кешенінің өкілдері, 2009 жылғы мамырдың 13-і мен 19-ы аралығындағы сейсмологиялық бақылаулардың материалдарын талқылап шығып, мамырдың 21-і мен 27-сі аралығында: 42°30'°- 44°00' солтүстік ендік пен 75°00' - 80°00' бойлық координаттарымен шектелген Алматы болжам жасау полигонының аумағында Рихтер бағамы бойынша тербелісі М>5,5 (MSK-64 сейсмикалық бағамы бойынша 1>7 қарқындылықпен) жер сілкінісі болмайды деген қорытындыға келді.