АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыға «Спутник Лайт» вакцинасы әзірге келмейді. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі уақытта халықты «Спутник Лайт» вакцинасымен егу жоспарда жоқ. Себебі, жуырда Pfizer жеткізілімін күтіп отырмыз. Сондай-ақ, отандық QazVac вакцинасының жеткізілімі де артуда. Бізде жеткізілімдер Денсаулық сақтау министрлігімен жасалып, орындалатын шарт бойынша орталықтандырылған. Ал «Спутник Лайт» бойынша бізде қазір ақпарат жоқ», - деді Бекшин.
Алматыға Рfizer вакцинасын жеткізудің болжамды мерзімі мен екпе бірінші кезекте кімдерге салынатыны жайлы осыған дейін жазған болатынбыз.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.