Алматыға таяу маңда жер сілкінісі тіркелді
20:55, 26 Қыркүйек 2011
АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті «Сейсмикалық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің мәліметтеріне сәйкес, 26 қыркүйек күні сағат 01.18-де, Өзбекстан Республикасының аумағында К=11,2 энергетикалық қуатымен жер сілкінді.
«Зілзаланың кіндігі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 463 шақырым жерде анықталды», - делінген таратылған хабарламада.
Өзбекстан аумағында болған жер сілкінісінің дүмпуі MSK-64 2 балл шамасында Таразда байқалды.
Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ.