Алматыға жыл сайын кем дегенде 200 жаңа автобус қажет

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыға жыл сайын кем дегенде 200 жаңа қоғамдық көлік қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл сайын бізге 200 жаңа автобус керек, автобустар 7 жылға дейін қызмет етеді. Алайда біздің таулы аймақ пен ауа райын ескерсек - 5 жыл. Таңертең рейстердің жиілігі аз, аяладамаларға адам көп жиналады. Автобус 120 адамға арналған, бірақ оған 150 адам отырады. Қоғамдық көліктер тозады. Алматыдағы автобустар 5 жылға жуық уақыт жүруі керек деп санаймын», - деді «АлматыЭлектроТранс» ЖШС бас директоры Ғани Тәжиев баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, ол келесі жылы компания бюджеттен 300 автобусқа қаражат бөлуді сұрағанын, бірақ оның санын 200-ге дейін қысқартқанын айтты.

«Бүгін біз 120 автобусқа қаржы-экономикалық құжатты дайындап жатырмыз. Оның ішінде 12 метрлік - 100 автобус, таулы маршруттар бойынша - 20 автобус. Жалпы, келесі жылға бізге 300 автобус керек», - деді спикер.

Қазіргі таңда Алматыда 10-нан астам автобус паркі бар.

Соңғы жаңалықтар