деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Деректі фильмнің кейіпкерлері қазіргі кезде арамызда өмір сүріп жатқан қарапайым майдангерлер. Деректі фильмде олар соғыс туралы, ондағы достық, адамгершілік туралы өз пікірлерін, өмірлерін ортаға салады. Деректі фильм Алматы қалалық мәслихатының депутаты Олег Печениктің қолдауымен түсірілген. Оның айтуынша, деректі фильм ардагерлер мен жастарға сый ретінде жасалған. «Биылғы жылы Жеңіс күнін тойлау ерекше маңызға ие. Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында ардагерлерге ерекше көңіл бөліп, 65 жылдық мерекені ерекше атап өту туралы тапсырма берді. Қазіргі кезде бұл бағытта үлкен шаралар атқарылып жатыр. Бүгінгі деректі фильмнің тұсау кесері де осы мақсатта өткізіліп отыр», дейді О.Печеник.