Бейнежазбада балаларға арналған автокреслода отырған бала ұйқылы және енжар болып көрінеді. Алайда әкесі жылдамдықты қосқан кезде ол өзін сергек ұстап, тіпті, мотор дауысын естіген кезде күлімдей бастайды. Кейін бар дауысын шығарып, қатты күледі. Видеоға түсініктеме ретінде YouTube-та жарыс жабық трассада өткенін және жылдамдық сағатына 60 км аспағаны туралы жазылған.