Алматы қаласы кәсіподақтарының аумақтық одағы бақылаушылар штабының мүшесі Алмагүл Әкімованың айтуынша, қазіргі сайлау коронавирус жағдайында, жаңа мазмұнмен өтеді.
«Жаңашылдық - сайлаушылар партиялық тізім бойынша дауыс береді. Халықтың саяси белсенділігі артты. Адамдар бағдарламаларға қызығушылық танытып, танысады. Сайлау кезінде бізге қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды да ескеру қажет болады. Біз барлық азаматтарды конституциялық құқығын пайдалануға және дауыс беруге шақырамыз. Біз әр бақылаушымен байланыс орнаттық. Сайлаудың әділ өтетініне сенімдіміз», - деп атап өтті спикер.
Бүгінгі күні Алматы кәсіподақ орталығының 200 мыңнан астам мүшесі бар. Оның ішінде республикада 7 мың бақылаушы оқытылды.
Алматыдағы 507 ашық сайлау учаскесінде 1 мыңнан астам бақылаушы жұмыс істейтін болады.
«Екі ай бойы біздің бақылаушылар сайлау туралы заңды оқыды. Біз тиісті тренингтер өткіздік. Барлық бақылаушылар ПТР тестін тапсырды. Сайлау барлық жерде әділ және заңды өткенін қалаймыз», - деді Алматы кәсіподақтарының аумақтық одағынан бақылаушылар штабының мүшесі Құралай Беркімбаева.