Алматылық баскетболшылар ерлер командалары арасындағы Қазақстан кубогына жарысты сәтті бастады

АЛМАТЫ. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде баскетболдан ерлер командалары арасында Қазақстан кубогы үшін бәсеке өтіп жатыр.

Ол кеше «Алматы» мен «Тигры-КАТУ» (Астана) командаларының арасындағы ойынмен басталған болатын. Бұл кездесуде жарыс қожайындары астаналық құрдастарынан   75:63 есебімен (20:14, 12:14, 19:19, 24:16) басым түсті. Онда алматылықтар намысын - Бауыржан Нұрланұлы, Рүстем  Мырзағалиев, Сергей Волк, Александр Пашков, Максим Отбозин, Василий Савченко мен  Роман және Максим Марчуктер қорғаған болатын. Олар бүгін енді бір күн тынығып,  келесі ойынын ертең Қостанайдың «|Тобыл» баскетболшыларымен өткізеді. Бүгін «Тигры-КАТУ» мен «Тобыл»,  «Барыстар» (Атырау) мен «Астана» өзара күш сынасады.