Соның нәтижесінде қос матчтың қорытындысы 147:144 есебімен алматылықтардың пайдасына шешілді. Онда алматылықтардың аға бапкері Оксана Антипова Станислава Федотова (1987), Юлия Ударцева (1990), Екатерина Пивненко (1988), Ангелина Михайлова (1994), Алена Лукьянова (1990), Анна Кучерявых (1974), Зоя Димеденко (1990), Алла Кулага (1985), Рената Салдина (1988), Мария Шестакова (1981) мен Дарья Шиляеваға (1988) үміт артқан болатын. Сенім ақталды. Қазір турнир кестесінде «Ертіс» (Павлодар) бірінші, «Жолбарыстар (Атырау) екінші, «Алматы» үшінші, ал «Оқжетпес» төртінші орында келе жатыр.
16:43, 29 Қараша 2012
«Алматылық» баскетболшылар Көкшетауда «Оқжетпестен» басым түсті
АЛМАТЫ. 29 қараша. ҚазАқпарат - Көкшетауда 27-28 қараша күндері баскетболдан әйелдер арасында Ұлттық лигадағы ХХІ Қазақстан чемпионаты аясында «Алматы» мен «Оқжетпес» командаларының матчтары өтті. Онда алғашқы кездесуде 74:70 есебімен алаң қожайындары басым түскен. Кеше екінші ойында 77:70 есебімен алматылықтар жеңіске жетті.