Алматылық білім саласының мамандары мектеп білімінің болашағын талқылады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық білім беру саласының мамандары Public Talk отырысында еліміздегі мектеп білімінің болашағын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің ойымша, бүгінгікүні мектептер үш тілді білім беруге әзір емес. Мұғалімдердің өзі дайын емес. Ағылшынтілін жетік білмейтін ұстаз тақырыпты ашып, балаларға түсіндіре алмайтыны анық.Педагог бұл сабақтың қыр-сырын және әдістемесін толық игеруі қажет. Сондықтан,ең алдымен мұғалімдерді оқытып, дайындау керек. Бұған біраз уақыт кетеді. Бірақ,осы қадамға баруға тиіспіз. Себебі, ағылшын тіліне сұраныс жоғары. Қазіргіғылыми жаңалықтар ағылышын тілінде шығып жатыр, балалар халықаралық байқауларғақатысуға құқылы. Бұл мәселеге атүсті қарауға болмайды. Білімді реформалаудыалдымен мұғалімдерден бастаған жөн», -дейді TAMOS мектебінің директоры ЛидияШаповалова.

Болашақтаүштілділікті дамыту қажет деген пікірге «Республикалық физика-математика» мектебінің директоры Алмаз Күнғожин де қосылады.

Халықаралықсарапшы, TAMOS Education академиялық дамыту жөніндегі директоры Коллер-Вудс Полүштілділік жас мұғалімдерді даярлаудан басталуы керек деп есептейді.

«Қазақстандаүштілділікті енгізуді жоспарлағанда мен шымкенттік университеттердің бірінде оқытушылармен профессорларға ағылшын тілінен сабақ бердім. Сонда менен бәрі: «Біз негеағылшын тілін үйренуіміз керек, біз 20-30 жыл бойы өз ана тілімізде сабақберіп-ақ, үлкен жетістіктерге қол жеткіздік, ағылшын тілі қаншалықты қажет?» депсұрайтын. Яғни, мұғалімдердің өзі бұл тілге немқұрайлы қарайтын. Ағылшын тілінмеңгеруге ынталары болмады, үйренбеді. Олардың ешқайсысы емтиханан өтпеді. Меніңойымша, Білім министрлігі қаражатты жас ұстаздарға және болашақ мұғалімдерге салу керек», - дейді Кольер-ВудсПол.

Соңғы жаңалықтар