Алматылық бойжеткен ерекше видеоларымен жұртты таңқалдырды
«Мен Алматы қаласында тұрамын. Суретші әрі тревел-блогермін. Жасым құпия болып қалсын. Бұл видеоға жігітіммен бірге түстім», - деді Ангела Николау.
Ол Esentai Tower бизнес-орталығының төбесінде түсірілген видеоны айтып отыр. Бейнежазбаның сәтті түсірілгенін де атап өтті.
«Жігітім екеуміз таңертең ерте күннің шыққанын түсіру үшін Esentai Tower-дың төбесіне көтерілдік. Видеомыз сәтті түсірілді және бұл видео желіде әлі де танымал. Жалпы, бұған дейін «Нұрлы тау» орталығының төбесінде түсірілген видеомыз да көп пабликтерге шыққан еді», - деді тревел-блогер.
Айтуынша, биік ғимараттардың төбесіне шығып, видео түсіру - оның хоббиі. Сүйікті ісімен көп жылдан бері айналысады және биіктіктен мүлдем қорықпайды.