Алматылық ЦСКА баскетбол командасы Қырғызстанда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
16:39, 21 Желтоқсан 2009
БІШКЕК. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Алматылық ЦСКА командасының баскетболшылары желтоқсанның 18-20-сы аралығында Бішкекте өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды.
Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Құбат Қарабековты еске алуға арналған бұл жарысқа ЦСКА командасы, Қырғызстан құрамасы және Бішкек құрамасы - «Форвард» баскетбол командасы қатысты.
Бірінші күні ойын алматылық клуб пен Бішкек командасының арасында өтіп, ойын 100:60 есебімен, қазақстандықтардың жеңісімен аяқталды. Екінші күні екі қырғыз командасы кездесіп, ел құрамасы 93:60 есебімен басым түсті.
Турнирдің үшінші күні кездескен ЦСКА клубы мен Қырғызстан құрамасының ойыны 102:92 есеппен, алматылықтардың жеңісімен аяқталды.