«Біздің қызметкерлер Арыс тұрғындарына көмектесуге дайын. Бір күндік жалақыларын Сақтандыру қорына аударды.Бұл біздің ортақ қайғымыз, мыңдаған адам Шымкент, Мұнайтас, Қабылсай және Шағырдағы эвакуациялық орталықтарға орналасқан. Біз барлығына көмектескім келеді », - делінген №4 қалалық клиникалық аурухана хабарламасында.
Аурухана қызметкерлерінің қайырымдылық сомасы 2 600 мың теңгені құрады. Сондай-ақ, бүгін №11 қалалық емхана дәрігерлері де, бір күндік жалақыларын аударды, олардың жалпы сомасы 450 мың теңге.
«БАҚ өкілдері балаларға арналған киім-кешектер, балалар тамағы және жеке күтімге қажетті заттардың жеткіліксіз екені туралы хабарлады. Біз Оңтүстік өңірде орын алған қиын жағдайға бей-жай қарай алмаймыз. Сондықтан, медицина қызметкерлері қайырымдылық акциясын қолдайды»,- деп хабарлайды Алматы қаласының №11 емханасы.
Автор: Алма Мұқанова