Алматылықтар Дмитрий Огайдың бас бапкерлігімен қарсыласын 2:0 есебімен ұтты. Онда Неманья Йованович пен Кристос Бланкс мергендігімен көзге түсті. Бұл «Қайраттың» 2-ші жолдастық кездесуі болып отыр. Олар бұған дейін 13 қаңтарда Түркияның 3-дивизионында өнер көрсететін Ризе қаласының "Пазарспор" командасына 2:3 есебімен есе жіберген еді. Қазақстан футбол федерациясы Атқару комитетінің шешімімен жаңа маусымда қайтадан Премьер-лигада өнер көрсетуге мүмкіндік алматылықтар енді 20-қаңтарда тағы бір жолдастық кездесу өткізбек. Алайда қарсыластың кім болатыны әзірге белгісіз боп отыр.
14:27, 17 Қаңтар 2012
Алматылық футболшылар екінші жолдастық кездесуін өткізді
АЛМАТЫ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан "Қайрат" футбол клубы бүгін «Goal Management Group» футбол агенттігінің аяқдопшыларымен жолдастық кездесу өткізді.