Алматылық футболшылар Испаниядағы халықаралық «Mediterranian International cup» турниріне қатысып, тәжірибе жинап қайтты
«Барселона» футбол командасы ұйымдастырған бұл жарысқа 40-тан астам елден 220 команда қатысқан. Оны қалалық денешынықтыру және спорт басқармасының бастығы Қайырболат Хайдаров бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.
«Біздің жасөспірімдер командасы бұл турнирде, бірінші кезекте өздерінің кәсіби шеберліктерін шыңдап қайтты. Үлкен көлемдегі мұндай халықаралық турнирге қатысып, іс-тәжірибе алмасу олардың келешекте жақсы футолшы болып қалыптастасуына мол мүмкіндік береді», - дейді Қайырболат Хайдаров. Биыл 12 рет ұйымдастырылған бұл байрақты бәсекеге олардың қатысуына Алматы қаласының денешынықтыру және спорт басқармасы мен «Қазақстанның спорт технологиялары» компаниясы қолдау білдірген еді. Аға жаттықтырушы Алаш Өтеуішовтың айтуынша, алматылық аядопшылар әлемнің танымал футбол командаларымен бәсекеге түсе алатындай мүмкіндікке ие болды. Онда олар үлкен нәтиже көрсете алмаса да, Қазақстанның футбол тарихында тұңғыш рет аталмыш халықаралық турнирге қатысып, тәжірибе жинақтап қайтуының өзі - үлкен жетістік.