Алматылық футболшылар Сербияның «Доньи Срем» мен Ресейдің «Балтика Калининград» командаларымен жолдастық кездесу өткізді

АЛМАТЫ. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Түркияда 16 ақпаннан бері 3-інші оқу жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Қайрат» футбол клубы, кеше екі жолдастық кездесу өткізді. Дмитрий Огай жаттықтыратын алматылықтар Сербияның Бірінші лигасындағы Печинци қаласының «Доньи Срем» командасына 0:3 есебімен ойсырай ұтылды.

Одан кейін Ресейдің Бірінші дивизионындағы Калининградтың  «Балтика Калининград» командасымен есептері тең түсті.

Енді 22 ақпанда Ресейдің Екінші дивизионындағы Белградтың «Салют» командасымен екі кездесу өткізбек. Сенбі күні  Иран чемпионатының 2009 жылғы жеңімпазы саналатын Исфахан қаласының «Сепахан Спорт» командасымен күш сынаспақ. Келесі күні Австрия Бундеслигасында өткен маусымда күміс жүлдегер атанған  Зальцбург қаласының «Ред Булл Зальцбург» пен  Украина Бірінші лигасында былтыр 6-ыншы орын алған Ужгород қаласының «Говерла Закарпатье»  командасымен сайысады. Ал 29 ақпанда соңғы жолдастық кездесуін Львов облысының Бірінші лигасында өнер көрсететін Львов қаласының «Погонь» командасымен аяқтамақ.