«Біріншіден, қара жамылған отбасына көңіл айтамын. Екіншіден, полиция қызметкерлеріне іздеуге көмектескен волонтерлерге алғыс білдіремін. Біз оны таптық, қазір тергеу жүріп жатыр. Барлық қажетті медициналық сараптама тағайындалды. Алдын ала болжам бойынша – суицид», - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.
Еске салайық, Ілияс Егізбаев 19 мамырда түскі сағат 15:00 шамасында үйінен шығып кетіп, қайта оралмағаны туралы әлеуметтік желіде жазылған болатын.
Бүгін Полиция департаменті 19 жастағы жігіттің денесі таулы аймақта табылғанын хабарлады.