Екі жыл бұрын Елеуовтер жанұясы Қазығұрт ауданынан Шымкентке көшкен. Қалада сапалы медициналық көмек алатынына үміттенген. Алайда олар үшін қалада өмір сүру қиын болды. Ақшаның көп бөлігі азық-түлік пен жалдамалы пәтер төлеміне кетіп отырды.
Отағасы Әлихан Елеуов өздігінше жүре алмайтын науқас балаларын тәрбиелеуді қолға алды. Сондықтан ол жұмыстан шығуға мәжбүр болды.
Жанұяның бастан-кешкені жазылған, оларға көмек көрсетуге үндеген материал жарияланған соң қазақстандықтар қарап қалмады. Біреулер ақша берсе, енді біреулері азық-түлік беріп жәрдемдесті. Ал алматылық кәсіпкер жанұяға пәтер сатып әперуді ұсынды.