Аталған нысан Есентай өзені жағасында әл-Фараби даңғылынан төмен жерде орналасқан. Оның жалпы аумағы 350 шаршы метр. Алаң өз форматымен ерекшеленген. Онда балаларға арналған алаңмен бірге Work out, Street ball аймақтары да бар. Бұл «Астана Банкінің» көше спортына арнаған 5-ші спорт нысаны. Бұдан өзгелері Наурызбай ауданындағы алаңда, Сейфуллин және Шолохов көшелері қиылысында, Тұңғыш Президент саябағында және «КИМЭП» ЖОО аумағында орналасқан.
«Бүгінгі таңда бизнес қауымдастық әлеуметтік жауапкершік бағдарламасы аясында көмегін көрсетіп отыр. Бұл бастаманы алматылық кәсіпкерлер саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында қолға алған. Оларға айтар алғысымыз зор», - деді шараның ашылуында Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Танат Айдарбеков.