«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдаудың және дамытудың бірыңғай бағдарламасының шеңберінде ісін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлерге, жас кәсіпкерлерге, әйелдерге, мүгедектерге және 50 жастан асқан тұлғаларға мемлекеттік гранттар беріледі.
Осыған байланысты бағдарламаға қатысушылар мынадай критерийлерге сәйкес келуге тиіс: Ұсынылатын бизнес жоба идеясының жаңалығы болу керек. Сондай-ақ, жоба бәсекеге қабілетті болғаны жөн, маркетингтік сараптамадан өткізіліп, кәсіпкерлік жобаның ұсынатын қызмет түрі мен тауарына нарықтық сұраныстың қандай екені, дайындығы мен жүзеге асырылуы нақты анықталуы керек.
Сондай-ақ, бизнес жобаның міндетті шарттарының бірі қатысушыларды қаржыландыру шығыны сұраған грант көлемінің 10 пайызынан кем болмауы тиіс. Грантқа бөлінген қаржы жылжымайтын мүлік немесе жер учаскесін сатып алуға жұмсалмайды.
Өтініш берушілер конкурстық құжаттаманы 01.07.18 ж. бастап 20.07.18 ж. дейін индустриялық-инновациялық дамыту бөліміне бере алады. Сұрақтарыңыз болса 7 727 272 02 56 телефонына хабарласыңыз.
Тастан Жанатұлы