Алматылық «Қайрат» биыл футзалдан суперкубок иегері атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан суперкубогының иегері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фото: hsports.kz

Биыл суперкубокта алматылық «Қайрат» пен рудныйлық «Аят» командалары арасында өтті.

Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Қос команда тарапынан жиі шабуылдар көрініс берді. Нәтижесінде алматылық клуб сапынан Денер үш голдың авторы атанса, тағы бір гол Педроның еншісіне жазылды.

Оған «Аят» сапынан Козырчиков және Леандриньо екі голмен жауап қайырды.

Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, суперкубок иегері атанды.

Қазақстан Суперкубогы биыл он бірінші рет өткізіліп отыр. Қазірге дейін алматылық «Қайрат» 7, ақтөбелік «Ақтөберентген» - 2 , қарағандылық «Тұлпар» - 1 мәрте жеңімпаз атанды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Португалияда өткен Record International Masters Cup халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды.