АСТАНА. ҚазАқпарат – Семей қаласында футзалдан Қазақстан кубогінің иегері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Финалда алаңға алматылық «Қайрат» пен ақтөбелік «Рахмет» клубтары шықты.
Бірінші болып «Рахметтен» Айсұлтан Жолдыбаев командасын алға шығарса, «Қайраттан» Біржан Оразов таразы басын теңестірді.
Екінші таймда алматылықтар Альберт Ақбалықов пен Кайо Сезар мергендігімен көзге түскенімен, ақтөбеліктер Азамат Арыстанов пен Әлішер Сәрсенбаев та қарап қалмады.
Сөйтіп негізгі уақыт 3:3 есебімен тең аяқталды.
Бес минуттан қосымша екі таймда «Қайраттың» көшбасшысы Дуглас екі рет қақпаны дәл көздеп, командасына жеңіс әперді – 5:3.
Осылайша, Рикардо Каканың шәкірттері ел кубогін ұтып алды.
Фото: afckairat.kz
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).