НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматылық «Қайрат» футзалдан Қазақстан суперкубогының иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Суперкубок ойындары елордада өткізілді. Кездесуде алматылық «Қайрат» командасына «Атырау» қарсылас атанды.
Ойын барысында алматылық клуб тізгінді өз қолына алуға тырысты. Қарсыластар қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Нәтижесінде қарсыласын 5;2 есебімен тізе бүктірді. Қазақстан суперкубогына ие болды.
Айта кетсек, «Қайрат» мұндай нәтижеге алтыншы мәрте қол жеткізді.
Еске салсақ, алматылық клубтың ойыншыларының басым бөлігі биылғы әлем чемпионатына қатысты. Онда жалпы есепте төртінші орынға тұрақтап, ұлттық құрама тарихында жоғары нәтижеге қол жеткізіп қайтты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.