Алматылық «Қайрат» командасы «Тараздан» 3:1 есебімен басым түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматының Орталық стадионында Қазақстан чемпионаты Премьер-Лигасы алтыншы турының матчы аяқталды. Бұл ойында «Қайрат» өз алаңында «Тараз» командасын қабылдады.

Кездесудің бірінші жартысында алаң иелері қарқынды шабуылдап, үзіліске дейін алматылықтар екі голды салып үлгерді. Ойынның екінші жартысында олар қорғаныс тактикасын ұстанды. Өз кезегінде «Тараз» ойыншылары шабуылды үдетіп, 77-ші минутта есепті қысқартты. Кездесудің соңғы минуттарында «Қайрат» футболшылары тағы бір гол салып, айқын басымдықтарын көрсетті. Нәтижесінде, «Қайрат» пен «Тараз» арасындағы бұл тартысты ойын 3:1 есебімен аяқталды.