Алматылық «Қайрат» пен «БТА футзал» командалары шағын футболдан Қазақстан кубогын өзара сарапқа салады

АЛМАТЫ. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде шағын футболдан Қазақстан кубогының ақтық ойындары өтеді.

Кеше жартылай финалда «Қайрат» қарағандының «Тұлпарын» - 8:2, ал  «БТА футзал» рудныйдың «Аятын» 4:1 есебімен жеңген болатын. Бүгін енді алматылық қос клуб ел кубогын сарапқа салса, «Тұлпар» мен «Аят» үшінші орынға таласпақ.

Қазір ел чемпионатында «Қайрат» пен «БТА футзал» 1-2 орында тұрса, Тараздың «СКА  Оңтүстік» командасынан кейін «Тұлпар» - төртінші, «Аят» бесінші орында келеді.

Жалпы ел кубогын бұған дейін 2004-2009 жылдары «Қайрат» қатарынан 6 рет иеленса, 2003 жылдан кейін араға алты жыл салып екі жыл  қатарынан  «Тұлпардың» бағы жанған еді. Биыл «Қайраттың» бұл атақты өзіне қайтаруға толық мүмкіндігі бар.