Алматылық «Қайрат» УЕФА клубтар рейтингінде 3 саты төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа Лигасы квалификациясында тель-авивтік «Маккабиден» жеңілген (1:2) алматылық «Кайрат» УЕФА клубтар рейтингіндегі бұрынғы позициясын жоғалтты, деп жазады Sports.kz.

Кахабер Цхададзе қамқорлығындағы футболшылар 5,25 балл көрсеткішін сақтап, 229-орыннан 232-орынға төмендеді.

 144,428 балмен көшті бастап тұрған - мадридтік «Реал» клубы.