Алматылық Қазақстан тарихында алғаш әлемдік бодибилдингтің РRO лигасына енді
Белгілі болғандай, атлет Халықаралық бодибилдинг федерациясындағы барлық еңбегі үшін спортшылардың кәсіби лигасына кірді. Спортшы алған марапаттардың арасында Қазақстан чемпионаттарындағы жеңістер, Азия елдері жарыстарындағы жүлделері, сондай-ақ Arnold Classic Europe 2015 чемпионатында «классикалық бодибилдинг» санатында үздік болғандығы қамтылған.
IFBB-нің Қазақстандағы ресми өкілі Александр Колюканың сөзіне қарағанда, қазақстандық спортшыны бодибилдингтің кәсіби лигасына қосу бойынша шешім елеулі еңбектің нәтижесінде мүмкін болды. IFBB-нің PRO лигасына қол жеткізу ұзақ келіссөздер нәтижесінде ұсынылды.
Осы орайда Pro card IFBB-ні алу үшін бірінші кезекте Федерация құрамында болуы керек және республикалық және әлемдік деңгейдегі жарыстарда жеңіске жету қажет. Тек содан кейін ғана лигаға кіру бойынша келіссөздер жүргізу мүмкін болады.
Айта кетейік, бодибилдингтің PRO лигасы спортшыларына ірі компаниялар мен брендтер демеушілік жасайды. Кәсіби турнирлерге қатысу мен одан жеңіске жеткеннен түскен гонорарлар спортшыға жылына кем дегенде 100 000 АҚШ доллары сомасында табыс әкелеуі мүмкін.
Қазақстан бодибилдинг федерациясының мәліметінше, бүгінде алматылық атлет Серещевке келісімшарт жасауға ұсыныстар түсе бастады.