Оның жеке автокөлігін тексеру барысында жүк салынатын бөлігінде жасырылған жалпы салмағы - 8 келі 126 грамм екі пакет ұнтақ зат табылды. Сараптама кезінде мамандар оның героин екенін анықтады. Күдікті тергеу кезінде бұл есірткіні ел аумағына Қырғызстаннан алып келе жатқанын айтқан. Қазір бұл оқиға бойынша Кедендік бақылау департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 250-бабының 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғауды қарастырып жатыр.
11:21, 17 Мамыр 2012
Алматылық кеденшілер Қырғызстаннан ел аумағына заңсыз кіргізілген ірі көлемдегі есірткі партиясын тәркіледі
АЛМАТЫ. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше Алматы қаласының Кедендік бақылау департаменті мен Алматы облысы бойынша Ішкі істер департаментінің қызметкерлері 21.30 шамасында 1970 жылғы бір азаматты ұстады.