Көктемгі тасқын мезгілі кезіндегі жеке тұрғын үйлерді су басу қаупінің алдын алу үшін «109» Қызметінің құтқарушылары Наурызбай ауданындағы Қарғалы және Тастыбұлақ өзендері арнасын тазалап жатыр.
Ауыр инженерлік техника көмегімен өзен арнасының түбі тереңдетіледі де, жағаны бекіту жұмыстары жүргізілуде. Өзен жағалауындағы құлауы ықтимал бұтақтар кесіліп жатыр.
Тастыбұлақ өзені арнасынан 6 текше метр қоқыс шығарылды.
Осы тектес жұмыстар Тәжиев, Қарыбай ақын көшелері бойымен, Ақжар ықшамауданында Абай к-сі, Аксайская к-нің қиылысында және «Ветеран» бағбандық қоғамында жүргізілуде. 26 жеке құрам адамы мен 16 техника жұмылдырылды.