Көлік жүргізушісі 1997 жылы туған А. есімді азамат болып шықты. Бұл дерек мониторинг барысында анықталды. Құқық бұзушыға қатысты 230-баптың 2-бөлігі (сақтандырудың жоқтығы), 590-баптың 9-бөлігі (техникалық байқаудың болмауы), 593-баптың 1-бөлігі (жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу), 599-баптың 1-бөлігі (бағдаршамның тыйым салынған белгісіне қозғалу) бойынша төрт әкімшілік хаттама толтырылды.
«Жүргізушіге құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, көлік терезесінен шыққан қызға қатысты да әкімшілік шара қолданылғанын хабарлаймын. Оған ҚР ӘҚбК-нің 434 бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша айып тағылды», - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Манап Саттаров.