Жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-2023 жаңалықтарымен таныстыру мақсатында Алматыда тегін байқау сынақтары ұйымдастырылды. Кез-келген бала қалауы бойынша байқау сынағынан өтіп, өз білімін тексеруге мүмкіндік алды.
«Байқау сынағын өткізу негізгі ҰБТ технологиясына сәйкес келеді. Яғни, талапкерлерге биыл IT-мамандыққа түсу үшін міндетті болып табылатын «Математика-Информатика» пәндерінің комбинациясы қолжетімді болды. Сонымен қатар болашақ студенттер тест тапсырмаларының өзгертілген құрылымымен де танысты», – деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Сонымен қатар конференция аясында ҰТО басшысы алматылық оқушылармен кездесіп, ҰБТ-2023 өзгерістері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.