Алматылық оқушы қыз халықаралық телеарнаның жүргізушісі болды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылық оқушы қыз Эльгиза Қаражанова «Fashion TV» халықаралық телеарнасында жүргізуші болуға шақырту алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12 жастағы оқушы қыз телеарнада бұрыннантанымал. Ол - «Жара» музыкалықшоуының тұрақты қатысушысы, «Ғаламшардыңкішкентай аруы» титулының иегері.

Мәлім болғандай, Эльгиза«Fashion TV» телеарнасында «НоваяВолна» белгілі музыкалық байқауының алдағы маусымының күнделігін жүргізетінболады.

«Эльгиза 4 айданбері «KIDS ART FASHION» бағдарламасында жүргізуші болып тәжірибеден өтіпкеледі. Осындаймаңызды жобаның бір бөлшегі болуға шақырту алғанымызға қатты қуаныштымыз. Бұлөте жауапты жоба. Эльгиза дайындалып жатыр», - деді анасы Людмила Дорохова.

Түсірілім жұмыстары 23 тамызда басталады. Біріншібағдарлама 28 тамызда «Fashion TV» эфирінен шығады.

Эльгиза Қаражанова соңғы фестивальде белгілі әнші СветланаЛободамен қосылып ән айтқан болатын. «ЖараKIDS» жобасы аясында 18 жасқа дейінгіең үздік орындаушы атағын алды. Мұның алдында «МузТВ» телеарнасында Яна Рудковскаямен бірге«Балалар ондығы» телебағдарламасын жүргізген.

Соңғы жаңалықтар