Алматылық оқушылар қолөнер шеберлерінен тәлім алмақ

None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі оқушыларды қысқы демалысты тиімді пайдалануға шақырып отыр. Музейде шеберлер балаларға қолөнер бұйымдарын жасауды үйретпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Демалысты бірге өткізейік!» шарасы 2018 жылдың 3-7 қаңтар күндері ұйымдастырылмақ. Музейдің өкілдерінің хабарлауынша, балалар басқұр жасап, киіз басуды, білезік әзірлеуді үйренбек.

«Бұл күндері «Ғажайып шам» қыш құю шеберханасы жұмыс істейді. Керамикалық өнімді оқушы өзімен бірге алып кете алады. 3 қаңтарда миниатюра техникасында керамикалық мүсіншені безендіреміз. Жаңа білезікті де оқушы өз қолымен жасап ала алады. 4 қаңтарда көне басқұр техникасын үйренеміз. Сондай-ақ, Сіздер үшін осы күні қыш бұйымдар шеберханасы жұмыс істейді. Жұма күні, 5 қаңтарда киізден аксессуарларлар жасаймыз. Сенбі күні, 6 қаңтарда, шеберлердің жетекшілігімен біз сәндік ұлттық үлгілермен панно тоқумен айналысатын боламыз», - делінген хабарламада.

Балаларға қолөнер бұйымдары бойынша сабақтар ақылы, 1200 теңдеген бастап, 2000 теңге аралағында болмақ.