Алматылық оқушылар медициналық масканы ыңғайлы ететін құрылғы жасады
«Бұл құрылғы медициналық маска резеңкесінің құлаққа қысымын азайтуға септігін тигізеді. Қазіргі уақытта мұндай құрылғыларға ең алдымен медицина қызметкерлері мұқтаж. Бұған қоса, масканы үнемі тағып жүру қолайсыздық туғызып, құлақтың ту сыртының терісін тітіркендіретін айтып, дабыл қаққан болатын», - делінген аталған мектептің Facebook парақшасында жарияланған ақпаратта.
Аталған құрылғы барлық қысымды құлаққа емес, қарағұсқа түсіреді. Яғни, қарағұсқа толық жататын құрылғыға масканың құлаққа ілінетін резеңкесі жалғанады. Мұндай құрылғыны 3D-принтер көмегімен кәдімгі пластиктен 15-20 минуттың ішінде басып шығаруға болады. Салмағы - небәрі 3 грамм.
Айта кетерлігі, мұндай құрылғының алғашты топтамасы Алматы қаласындағы №7 аурухана дәрігерлеріне табысталды. Дәрігерлер мектеп оқушыларына үлкен ризашылықтарын білдіріп отыр.