Департамент басшысының айтуынша, қазір қаладағы 254 мектепте 266769 оқушы оқиды. Сонымен қатар, 28 арнайы интернатта 7593 оқушы білім алып жатыр.
Мемлекеттік мектептерде бала саны тым көп болғандықтан, орын жетіспеушілігі 30%-ға жетті.
«Бірінші сынып оқушыларының сөмкесі нормадан 2-3 есе ауыр. Ал 5-6 сынып оқушыларының сөмкесі қалыпты көрсеткіштен 3-4 есе ауыр. Жалпы 5-сынып оқушылары үшін сөмкенің салмағы 2,5 келіден аспауы тиіс. Ал қазір оқушылар 6-9 келі сөмке арқалауға мәжбүр. Бірінші сынып оқушыларының сөмкесі 1,5-2 келіден аспауы тиіс. Ал шын мәнінде балалар 4-4,5 келі сөмке көтеріп жүр», - деді баспасөз мәслихаты барысында департамент басшысы Айзат Молдақасымова.
Оның айтуынша, мектеп сөмкесінің салмағы қалыптан тыс болса сколиоз, остеохондроз сияқты ауруларға әкеп соқтыруы мүмкін.