Қалалық білім басқармасының хабарлауынша, алматылық оқушылар бұл бәсекеде командалық 1-орынды жеңіп алды. Олар осымен қатарынан сегізінші рет үздік шығып отыр. Жалпы биылғы жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен аудандық, облыстық олимпиадада топ жарған 661 оқушы қатысқан еді. Оның елуі - алматылықтар.
Олимпиада қорытындысы бойынша 1-3 орынды иеленген 38 оқушы енді білім гранттарын иеленуде түрлі жеңілдіктерге ие болмақ. Бұл сайыста 9 оқушы - бірінші, 10 оқушы - екінші, 19 оқушы үшінші орынға ие болды.