«Бұл жаңа жылдық демалыстан кейінгі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Егер біз тұмауды негізге алсақ, әдетте жаңа жылдық мерекеде барлығы шетелге, курорттарға және тағы басқа жерлерге барып ЖРВИ мен тұмаудың небір штамдарын әкелетін. Қазір бұл шектеулі. Алайда балаларымыз демалыс кезінде барлық қауіпсіздік шараларын сақтауы керек. Ата-аналар да мұқият болуы керек. Қазіргі кезде балалар үшін ең қауіптісі - компьютерлік клубтар. Тексеру көрсеткендей, заңсыз, жасырын жұмыс істеп жатқан компьютерлік клубтар баршылық. Біз қазір оларды жауып, әкімшілік жаза қолдананып жатырмыз», - деді Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында.
Бұған дейін Жандарбек Бекшин қаладағы коронавирусқа қатысты жағдайдың әлі де күрделі екенін айтқан болатын.
Айта кетейік, Алматыда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың тапсырмасына сәйкес жаңа карантин шектеулері енгізіледі.