Алматылық оқушылар жетінші рет республикалық олимпиаданың жеңімпазы атанды

АЛМАТЫ. 20 наурыз. ҚазАқпарат  -  Алматы оқушылары жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиада бойынша 1 командалық орынды жеңіп алды.

Наурыз айының 12-18 күндері аралығында Ақтөбе қаласында өткен республикалық олимпиадаға Алматыдан 41 оқушы қатысты.

Алматы қаласы бойынша Бірінші орынды - 7 оқушы, екінші орынды - 13 оқушы, үшінші орынды - 12 оқушы иеленді.  Яғни, Олимпиаданың қорытындысы бойынша 32 немесе 78% оқушы жеңімпаз атанды. Бұл олимпиаданың нәтижесінде Алматы қаласының оқушылары Республика көлемінде 1-ші командалық орынға ие болды. Осындай жетістікке Алматы қаласының оқушылары биыл жетінші жыл қатарынан ие болып отыр.